Slider

Зайырлылық — мемлекеттік қоғамның рухани дамуының кепілі

Арман НҰРАХМЕТҰЛЫ,

Аманат-Жайық қоғамдық қорының теологы

 

Зайырлылық — мемлекеттік қоғамның рухани дамуының кепілі

 

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- ші бабында былай айтылған:

  1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Зайырлылық ұғымына бірнеше термин берілген. Оның бір түрі — зайырлылық дегеніміз — дінге және дінсіздікке қатысты бейтараптық күйі. Дінге тікелей немесе жағымды не жағымсыз байланыста болмаған жағдаяттардың барлығын зайырлы деп санауға болады.

Зайырлы мемлекет әлеуметтік қатынастарда, оның ішінде білім беру жүйесінде, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттарында діни қағидалармен емес, бәлки зайырлы заңдармен реттеледі деп болжайды.  Көріп отырғанымыздай, зайырлылық қағидаты кейбір азаматтар айтқандай, дінді жоққа шығаруды білдірмейді, керісінше, еліміздің әрбір азаматының діни көзқарасына қарамастан, құқықтары қорғалуы үшін қажет. Зайырлылық — адамның таңдау еркіндігінің алғышарты. Халық арасында зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және насихаттау әрбір теологтың бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Дін саласындағы іс-шаралар шеңберінде мамандар азаматтардың мақсатты санаттарымен кездеседі, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде лекциялар оқиды және БАҚ өкілдерімен белсенді түрде жұмыс жасайды. Сонымен қатар, біздің мамандар “Зайырлылық деген не және ол не үшін қажет?” деген сауалға түсіндіретін ақпараттық материалдар мен бейнероликтер дайындап, жариялайды. Білім басқармасымен бірлесе отырып, мектеп оқушылары мен студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын өткізеді.

Қазіргі таңда елде карантиндік режим енгізілгеннен кейін, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын онлайн форматқа ауыстыруға мәжбүр болдық. Яғни көп жағдайда бетпе-бет кездесулердің орнына ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеп, интернетте орналастырамыз және тікелей эфирге шығып, оларды халық арасында насихаттаймыз.

Жалпылама әлеуметтік желілер мен интернет біздің жұмысымыздың нәзік тұсы. Бұл бағытта дін мамандарына ерекше тәсіл қажет.

Әлі күнге дейін дінтанушылар мен теологтардың және басқа органдардың жұмыстанып жатқанына қарамастан, діни экстремизм мен терроризм идеологиясын таралудың түрлі жолдары бар. Олар —  аудио — видео лекциялар, электронды кітаптар, мақалалар және тағы басқалары. Өйткені адам өміріндегі әлеуметтік желілердің рөлі күн сайын артып келеді.  Экстремистік және террористік әрекеттерге бару үшін әлеуметтік медиа арқылы өз жақтастарын тарту оңай және бұл тәсіл арзан болады. Сондықтан Дін істері басқармасы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде діни сабақтар жүргізуге ерекше назар аударады. Діни араздықты қоздыру, діни экстремизм көріністеріне шақыру белгілері бар Конституцияның, біздің елдің заңнамасының ережелерін бұзатын материалдар анықталған жағдайда, біз мұндай мазмұндағы материалдарды бұғаттау немесе алып тастау үшін барлық мүмкін шараларды қолданамыз. Жұмыс барысында ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы

Заңнамасының  490-шы және 453-ші бабтары бойынша бұқаралық  ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату туралы (толық ақпарат алу үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 490 және 453 баптарын қараңыз) заңнамалардың шеңберінде қызмет етудеміз.

Бірқатар себептерге байланысты мемлекеттіліктің зайырлы моделінің Қазақстан үшін өзге моделі әзірше жоқ. Өйткені біздің еліміз бүгінде көпконфессиялы және көпэтносты мемлекетті басқарудың жалғыз моделі. Сондықтан конфессиялар арасындағы бейбітшілікті сақтау — тәуелсіздіктің негізі ретінде мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.

Қазақстан Республикасы секілді көпконфессиялды және көпэтносты мемлекеттер де мемлекеттің зайырлылық түріне негізделген. Бұл толеранттылық (төзімділік, еменгерлік) атмосферасын дамытады және діндердің оң әлеуетін ашуға мүмкіндіктер туғызады. Толеранттылық — агрессиясыз, басқа адамның ойын, мінез-құлқын, өзін-өзі көрсету формасын және өмір салтын өзінікінен өзгеше қабылдай алу қабілеті. Зайырлылық жайында Елбасымыз Н. Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам, бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизмнің түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» деп атап көрсетті.

Осы тұста зайырлылық даму кезеңдері осындай көріністе болады:

— азаматтық қоғамда мемлекет пен дін, қоғам мен дін, конфессиялар мен түрлі этникалық мәдениеттер арасындағы диалог мүмкін және тіпті қажет.

— азаматтық қоғамдағы тұлғаның бостандығы оның заң алдындағы жауапкершілігімен байланысты. Сондықтан сенім бостандығы халық арасында кеңінен насихатталуы керек.

— ұлттық, этникалық және діни проблемаларын шешу жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру ретінде өзге этникалық және ұлттық құндылықтарды мойындауынан туындайды. Ал бұл мақсат зайырлылықпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 бабына сәйкес, әр азаматтың ар-ождан бостандығына құқығы бар ».

Ар-ождан бостандығы дегеніміз — азаматтардың кез-келген дінді ұстану немесе атеистік наным-сенімдерді ұстану, діни сенімін  өзгерту, діни немесе атеистік үгіт-насихатпен айналысу және діни білім алу құқығын қамтиды. Ар-ождан бостандығы азаматтардың діни сенімдерге құқығы ғана емес, сонымен бірге олардың діни ықпалдан босатылу құқығын меңзейді.

Қазақстанның діни ерекшелігі — оның аумағында христиан және ислам сияқты ірі әлемдік конфессиялар тарихи байланысқа түскен. Сонымен қатар, ел азаматтары иудаизм, буддизм, индуизм діндерін де ұстанады.

Ел үшін ар-ождан және діни сенім бостандығы қағидаттарын дәйекті түрде жүзеге асыру ерекше өзектілікке ие болып отыр. Бұл құндылықтар азаматтардың сену құқығына кепілдік беріп қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық қоғамда конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, елімізде азаматтардың тағы бір санаты бар. Олар — ешқандай діни наным-сенімдерді ұстанбайтындар. Қазақстан азаматтары ретінде олар да діни сенімдерді ұстанбауға және зайырлы, атеистік көзқарасты ұстануға құқылы.

Ар-ождан және дін бостандығы қағидасы қоғамда толеранттылық мәдениетін қалыптастырудың негізін қалайды. Олай болмаған жағдайда діндер арасындағы бейбітшілік пен келісім еш мүмкін емес.

Өз кезегінде,  Қазақстан Республикасының Заңнамасы қоғамда зайырлылық принциптерімен қоса рухани салада болып жатқан процестерді бейнелейді. Ол —  азаматтарымыздың діни қажеттіліктерін және діни бірлестіктердің қызметін қанағаттандыру үшін қолайлы құқықтық режимді құруға және  деструктивті діни ағымдардың ықпалын шектеуге бағытталған деген сөз.

Бұл жұмыстың бағытын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында өте айқын көрсетті.

«Бізге қазақ халқының мемлекеттің қалыптастырушы ұлты ретіндегі рөлін ескере отырып, ұлтаралық келісім мен дінаралық түсіністікті нығайтуды жалғастыру қажет. Біздің ұстанымымыз: «Ұлт бірлігі — оның алуан түрлілігінде!» Алайда, бұл деңгейге жету үшін бізге тек мәлімдемелер ғана емес, бірлікке негізделген баршамыздың жұмысы қажет” —  деді Президент.

 

 

 

Қорытқан Ұ.Сариева