Slider

«Елде оқып та, жақсы теолог болуға болады»

  • Абзал Тұрарбеков 1996 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы «Нұр – Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірген. Исламтанушы. Орал қаласындағы «Аманат — Жайық» қоғамдық қорының теологы.

    Соңғы жылдары діни білімді шетелде алғысы келетін қазақ жастары көбейіп отыр. Түркия, Мысыр, Ресейде үлкен діни оқу орындарына магистр, доктор болу үшін білімдерін жетілдіру үшін барып жатқан, яғни еліміздің оқу орындарын бітірген мамандарды қоспағанда діни білім іргетасы қаланбаған, тіпті медресе де бітірмеген, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жолдамасын алмаған жастардың Мысырға асып кетіп, заңсыз құжыраларда жүргені белгілі.
    Жалпы шетелдегі оқу мен еліміздегі оқудың қандай айырмашылы бар? Шетелде білім алу қазақ жастары үшін қаншалықты тиімді? Қауіпті емес пе? Еліміздегі оқу орнын бітірген маманды сөзге тартып көрген едік.

    — Абзал Бейбітұлы! Сіз еліміздегі «Нұр- Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірдіңіз. Ол жерде қазақтың тарихы, мәдениетінен сабақ жүре ме? Әлде тек қана ислами бағытта білім бере ме?
    -Университет дәрістері ислами, шариғи бағытта болғанымен Қазақстан тарихы, қазақтың салт- дәстүрі, қазақ ойшылдарының өмірі, олардың артында қалған мұрасынан да қосымша сабақ беріледі. Оған қоса философия, психология, қарым-қатынас мәдениеті пәндерін оқытады. Жалпы университет шариғат бойынша фиқһ, ақида, тәпсір салаларын меңгертіп, яғни ислами бағытта толыққанды мамандар дайындайды.
    Сондықтан діни білімді шетелден алуға құштар болмай-ақ, өз елімізде оқып, жақсы маман болып шығуға болады. Бұл адамның білімге деген талпынысы мен шын ниетіне байланысты нәрсе. Яғни, елді оқып та жақсы теолог болуға болады.

    Қазақта небір ойшылдар болғаны тарихтан белгілі. Соның ішінде дін
    саласы бойынша оқығандықтан бізге Абай Құнанбаев, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп атамыз сияқты қазақ ойшылдарының дінге қатысты артына тастап кеткен ғибратты әңгімелерін оқытты. Мысалы Мәшһүр Жүсіптің ақида шариғаты бойынша айтып кеткен тұжырымдамасын, Абайдың қара сөздерінің барлығын оқып және түсінгенімізді айтып, талқыға салу арқылы бойымызға сіңірдік.

  • -«Аманат- Жайық» қоғамдық қорының жұмысы туралы қысқаша айтып кетсеңіз.
    — «Аманат- Жайық» қоғамдық қорында екі бағытта, оңалту және ақпаратық -түсіндіру бағытында жұмыстар атқарып жатырмыз. Ақпараттық- түсіндіру топтарымен бірге мектеп, колледж, университет студентеріне дінді дұрыс түсіндіру және діни жат ағымдардан сақтандыру мақсатында кездесулер өткіземіз. Діни теріс ағымдардың белгілері, терроризм, жихад мәселелерін ашық түсіндіру арқылы жастардың келешекте қателікке ұрынбауына үлес қосудамыз. Екінші бағыт — оңалту жұмыстары. Бұл көзге көрінбейтін, қиындығы мол, сан-салалы жұмыс…
    — Әңгімеңізге рахмет!
    Сұқбатты жүргізген Ұ.Сариева
    Вырезка
    Қазақстанда 6 жоғары оқу орнында діни факультеттер бар.
    Олар –
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
    Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ -түрік университеті,
    Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
    Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
    Шет тілдер және іскерлік карьера университеті.
    9 медресе- колледждер:
    «Сарыағаш» медресе-колледжі,
    «Шымкент» медресе-коллджі,
    «Астана» медресе-колледжі,
    «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі,
    «Һибаттулла Тарази» медресесі,
    «Үшқоңыр» медресе-колледжі,
    «Әбу Ханифа» медресе-колледжі,
    «Орал» медресе-колледжі,
    «Ақтөбе» медресе-колледжі
    Рұқсат етілген шетелдік оқу орындары:
    Түркияның Стамбул университеті,
    Мәрмара университеті,
    Анкара университеті,
    «Селжүк» университеті,
    «Хасеки» институты,
    Нажмеддин Эрбакан атындағы университеті,
    Мысырдың «Әль-Азхар» университеті,
    Ресейдің Қазан қаласындағы Ресей ислам университеті,
    Мәскеу ислам университеті
    Өзбекстанның Ташкент ислам университеті