Зайырлылық — мемлекеттік қоғамның рухани дамуының кепілі
Арман НҰРАХМЕТҰЛЫ,
Аманат-Жайық қоғамдық қорының теологы
Зайырлылық — мемлекеттік қоғамның рухани дамуының кепілі
Арман НҰРАХМЕТҰЛЫ,
Аманат-Жайық қоғамдық қорының теологы
Зайырлылық — мемлекеттік қоғамның рухани дамуының кепілі
Абзал Тұрарбеков 1996 жылы Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы «Нұр – Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін бітірген. Исламтанушы. Орал қаласындағы «Аманат — Жайық» қоғамдық қорының теологы.
Пәтуа бөлімінің құрлымы. Пәтуа берудегі ең алғашқы қағидалар қандай? Карантиндегі ғибадат қалай болуда? Карантин Қазақстан мұсылмандары үшін қандай өзгеріс алып келді? Жұма оқылудағы парыз шарттары? Зайырлық дінді құрту деген сөз бе? Карантинің бізге берген ғибраты?
Сіздің дамуға деген ұмтылысыңыз- айналаңыздың да алға жылжуы. Ал сіздегі регресс тек өзіңізге ғана зиян келтіруі мүмкін. @oral.din @batys_din @amanatjayiq
Тазалық — Ислам дініндегі құндылықтардың бірі. Алла елшісінің (с.ғ.с.) мына сөзінен аңғаруға болады: «Тазалық – иманның жартысы». Яғни,біз тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі ретінде қарап түсінуіміз қажет. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол жан-жақты адам өмірін, болашағын, ақыретін, имандылығы мен адамгершілік сияқты кісі ғұмырына тән көптеген бөліктерді қамтиды. Бабаларымыз адам өмірінің зор байлығы – денсаулық десе, ал денсаулықтың кепілі – тазалық екенін ұғындырған.
Қазіргі заманда адамзат болсын, технология, ғылым — білім болсын дамыған кезеңде дінге байланысты көптеген түсінпеушіліктер мен адасушылықтар барын барлығымыз көрудеміз. Ол әрине біріншіден отбасылық тәлім — тәрбиеден, екіншіден білімсіздікпен және соқыр еруден бастау алады. Не үшін тәлім — тәрбиеден, отбасыдан басталады деп жатырмыз? Себебі ата — ана баласына көп нәрсені үйретіп, балада ата — анадан көрген, білген, түйген нәрселерін істейтін болады. Қазақта сөз бар, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» — дейді. Сол секілді дінненде бірер мағлұматты жеткізіп отырса, ешқандай мәселе болмайды деп ойлаймыз. Әрбір бала есейіп, оқу орындарына баруы мүмкін, сол кезде жас буын діннен дұрыс пен бұрыс жолды ажырата білсе, бұның өзі қоғамға үлкен пайдасын алып келері сөзсіз.
Мәзһаб туралы түсінік және оның пайда болуы
«Мәзһаб» дегеніміз — жүріп өткен немесе алдыңғылар пайдаланған жол. Діни терминологияда «мәзһаб» дегеніміз — аяттар мен хадистерге сәйкес ислам діні мен амалдарын алға тартқан мүжтаһидтер қалыптастыратын діни түсінік мектебі. Қарапайым тілмен айтқанда, «мәзһабты» діни мәтіндерді түсіндіру және сол мәтіндерден үкім шығару үшін құрылған фиқһи анықтама немесе фиқһи мектебі деп те анықтауға болады. Мысалы, ақидадағы «Матуриди мәзһабы» және іс жүзіндегі «Ханафи мәзһабы» солардың қатарына жатады.
Өмірге келу, балалық шақтың бал дәуренін өткеру, жастық шақта арманның биік асқарына ұмтылу – бәрі де өмірдің өзіндік қызығы. Десек те, адамзат баласының өмірлік жарын табумен толыға түсетін отбасы бақытының орны бір бөлек.
Елдің амандығы мен тыныштығы бәрінен қымбат. Сол себепті бүгінгі діни ахуал ең күрделі мәселелерді алдыңғы қатарға алып шықты. Ел болып қалыптасып, бағыт-бағдарын түзеген мемлекет үшін дін мәселесі де өзекті.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері халқымыздың ислам дініне деген бет бұрысы қарқынды өсіп келеді. Осыған сәйкес теріс ағым ұстанушылары өздерінің идологиясын таратуда белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазақ даласында ғұмыр кешкен түркі жұртының ислам дінін қабылдағанына он екі ғасырға жуық уақыт болды. Осынау заман тоғысында олар ислам дінін тек қабылдап қана қойған жоқ, оны ғылым мен мәдениетке, дәстүр мен әдебиетке айналдырып, күллі мұсылмандардың өркениетіне өзіндік үлес қосты.